Мемлекеттік органдардың тексеру нәтижелері
«Бәйтерек» БК» АҚ-да Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес және Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің 23.04.2019 жылғы №225 нұсқамасы негізінде салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығы және уақтылы төлеу мәселесі бойынша 01.07.2017 жылдан 31.12.2018 жылға дейін кешенді салықтық тексеру жүргізілді.
Кәсіпорынның деректері мен тексеру деректері бойынша айырмашылықтар анықталған жоқ, ол туралы 11.08.2020 жылғы №225 құжаттық салықтық тексеру актісі жасалды.