«БӘЙТЕРЕК» ҒРК
«БӘЙТЕРЕК» ҒЗК
"Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҒЗК) – экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары, Ресей Федерациясының 2016-2025 жылдарға арналған Федералдық ғарыш бағдарламасында құрылуы көзделген, орта сыныпты перспективалық ресейлік тасымалдағыш зымыранмен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен.
"Бәйтерек" ҒЗК инфрақұрылымын құру "Байқоңыр" ғарыш айлағының "Зенит-М" ҒЗК жерүсті инфрақұрылымы объектілерінің және перспективалы "Союз-5"орта класты РН негізінде жүзеге асырылатын болады.
"Бәйтерек" ҒЗК құрамына мынадай құрамдас бөліктер кіретін болады:
- "Зенит-М" ТК қайта жаңғыртылатын және жаңғыртылатын технологиялық жабдықтар, құрылыстар мен техникалық жүйелер негізінде құрылатын ТЗ/ҒМЗ ТК;
- "Зенит-М" СК қайта жаңғыртылатын және жаңғыртылатын технологиялық жабдықтар, құрылыстар мен техникалық жүйелер базасында құрылатын СК»;
старттық және техникалық кешендерді пайдалану бойынша қызметкерлерді даярлаудың оқу-жаттығу құралдары (қысқартылған атауы – ҚД ОЖҚ);
- телекоммуникациялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі (қысқартылған атауы – ТАҚЖ) және "Бәйтерек" ҒЗК инфрақұрылымын қамтамасыз ететін басқа да объектілер.
- Қазақстан Республикасының аумағында ТЗ бөлінетін бөліктерінің құлау аудандары (1-саты және ББ) (қысқартылған атауы – ТЗ ББ ҚА);
"Бәйтерек" ҒЗК құруды қамтамасыз ету үшін 2020 жылғы 31 қазанда "Бәйтерек" ҒЗК бас әзірлеуші ұйым "ЦЭНКИ" АҚ мен "Бәйтерек" БК" АҚ арасында "Бәйтерек" ҒЗК құру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа қол қойылды.
Қазіргі уақытта "Бәйтерек" ҒЗК құру жобасы практикалық іске асыру сатысына өтті.
Бекітілген құжаттарға сәйкес "Бәйтерек" ҒЗК және оның құрамдас бөліктерін құру "Союз-5" ҒЗК құрамындағы ұшу сынақтарының нәтижелері бойынша 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берумен аяқталуы тиіс.