«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:министр.jpg

Бас директордың блогы:IMG_6568.JPG


123.PNG


каз05082021175343.jpeg


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png




enbek_kz.png
баннер_ПРЗ_без-фона.png

Ruh-loga.png

Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы, 
Нұр-Сұлтан қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат
e-mail:bayterek.space@mail.ru
Тел.:  8 (7172) 28-06-01  
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

ТАРИХЫ

     2004 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге (бұдан әрі - мемлекетаралық келісім) қол қойды.

    Мемлекетаралық келісімге сәйкес Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды. Бұл ретте мемлекетаралық келісім шарттарының бірі "Байқоңыр" ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін бірлесіп әзірлеу және құру болып табылады.

    Мемлекетаралық келісімді дамыту мақсатында 2004 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге (бұдан әрі - үкіметаралық Келісім) қол қойылды.

    Үкіметаралық келісімде "Байқоңыр" ғарыш айлағының жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің негізінде "Бәйтерек"ғарыш зымыран кешенін құру және бірлесіп пайдалану бойынша Тараптар ынтымақтастығының негізгі қағидаттары мен шарттары айқындалған.

   "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені коммерциялық ғарыш бағдарламалары мен жобаларын орындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық ғарыш бағдарламаларын іске асыруға арналған.

    "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру және оны одан әрі пайдалану мақсатында 2005 жылы "Бәйтерек "Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" БК"АҚ) құрылды.

    "Бәйтерек" БК"АҚ жарғылық капиталына мемлекет 50 пайыз қатысатын "Бәйтерек "Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамын құру туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №207 қаулысына сәйкес құрылды.

    Қазақстан тарапынан бірлескен кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ұйым - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (ҚР ҚМ ММЖК) болады.

   Ресей тарапынан Бірлескен кәсіпорынның құрылтайшысы "М. В. Хруничев атын-дағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық" акционерлік қоғамы болып табылады.