«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png




enbek_kz.png
баннер_ПРЗ_без-фона.png

Ruh-loga.png

Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы, 
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01  
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

Жүргізілген іс-шаралар

1. 2016 жылғы 7-8 тамызда Астана қаласында «Байқоңыр» кешеніндегі ҮАК 3-отырысындағы шешімге (27.11.15) сәйкес Тараптар сарапшыларының кеңесі өтті, оның барысында Қазақстандық тарапы сұратылған ҚА аймағында «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының бөлігі, киіктердің бетпақдала популяциясының қоныс аудару жолы, ірі сорлар, Торғай өзені мен Ақкөл көлі орналасқандығын атап өтеді. Бұдан басқа, «Союз-2» ТЗ ұшу трассасы Қостанай және Рудный сияқты ірі қалалардың үстінен өтеді. Осы мәселені қосымша пысықтауға және барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша кеңестер жүргізуге келіскен болатын.

2016 жылғы 8 сәуірдегі кеңестердің хаттамасы

2. 2016 жылғы 9-12 тамыз мерзімі аралығында «Байқоңыр» кешеніндегі ҮАК 4-отырысының шешіміне (08.07.16) сәйкес Қостанай облысы Жангелдин ауданы аймағында барлау жұмыстары жүргізілді (Роскосмос, Қазғарыш, Қостанай облысының әкімдігі, «Бәйтерек» БК» АҚ және «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК өкілдерінің қатысуымен), оның барысында ТЗ ББ ҚА жоспарлы төрт варианты зерттелген болатын. Барлау қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық қызметімен айналысатын тұрғындарды осы аймақта қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді ескере отырып, аса ыңғайлы вариант ҚА 120А орналастыру таңдалды.

ҚА 120А барлау актісі

3. Қазақстан Республикасының мүдделі органдарына 2016 жылғы 7 желтоқсанда Қазғарыш әзірлеген поляр маңындағы орбитаға солтүстік бағытында ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Союз-2» типті ТЗ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыруларды жүзеге асыру бойынша ынтамақтастық туралы жобаны келісуге жіберілген. Аталған үкіметаралық жобаны қарау нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдардан ескертулер түсті, қазіргі уақытта мұның барлығы пысықталуда.

Үкіметаралық келісім жобасы

4. 2017 жылғы 3-4 мамырда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Вице-министрі М.Р. Нұрғожин Қостанай облысы Әкімдігінің мекенжайына, ал «Бәйтерек» БК» АҚ Жангелдин ауданы әкімдігінің мекенжайына сауалға шығу негізінде алдын-ала келісуге сәйкес жаңа құлау ауданды ашу мүмкіндігін талқылау және Жангелдин ауданында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу өткізілді. Кездесу нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.

Торғайдағы кездесу хаттамасы 03.05.17

5. 2017 жылғы 19-31 мамыр аралығында Жангелдин ауданында «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК бір топ мамандарымен қоршаған ортаның объектілерінен сынама алу, сондай-ақ құлау аудандары аймағынан пайдалануға жоспарланған фондық жай-күйді бағалау бойынша экспедициялық жұмыстар жүргізілді. Түрлі сынама түрлеріне іріктеу жүргізілді және жоспарлы құлау ауданы аймағында, сондай-ақ Ақкөл және Қарасу аулының орналасу жерлерінде 200 нүктеге өлшеу жүргізді. Барлық сынамаларға қазіргі уақытта мамандандырылған зертханаларда талдау жүргізілуде, оның нәтижелері шамамен 30 күннен кейін дайын болады. Бұдан кейін осы деректер қоршаған ортаның әсерін бағалау (ҚОӘБ) бойынша есепті жасау кезінде пайдаланатын болады, ол 2017 жылғы тамызға жоспарланған.

Жангелдин ауданындағы сынау алу нүктелері

6. 2017 жылғы 22 мамырда алдын-ала келісушілік негізінде Жангелдин ауданында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Бәйтерек» БК» АҚ өкілдері Ақкөл және Қарасу ауылдарының тұрғындарымен кездесу жүргізді.

7. 2017 жылғы 23-24 мамырда «Қостанай облысы әкімдігі Жер қатынастары басқармасы» ММ ММ-де мүдделі мемлекеттік органдар, «ЖҒИПО» ФМУК және «Бәйтерек» БК» АҚ өкілдерінің қатысуымен алдымыздағы жұмыстарды талқылау бойынша мәжіліс жүргізілді. «ЖҒИПО» ФМУК өкілдері таныстыру жүргізгеннен кейін алдымыздағы айналып ұшып шығудың тапсырмалары бойынша түсініктеме берді. Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері сұраған басқа да мәселелер бойынша талқылау жүргізілген болатын. Мәжіліс нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.

Қостанай хаттама 24.05.17

8. 2017 жылғы 25-26 мамырда ТЗ ББ ҚА жаңа шекараларын ескере отырып, өзекті нүктелерге қонумен, үлгі алумен комиссиялық айналып ұшып шығу жүргізілді. Ұшып шығудың нәтижесінде жұмыстарды барлау актінің жобасы жасалды, ол қазіргі уақытта Торғай аулының өкілдеріне келісу үшін берілген.

Барлау актісінің жобасы

Бадиациялық айналаны өлшеу хаттамасы

9. 2017 жылғы 27 мамырда Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «ЖҒИПО» ФМУК және «Бәйтерек» БК» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Қостанай қ. дейін «Союз-2» ТЗ ұшырудың болжалды трассасының учаскесін айналып ұшып шықты.  Екі авациялық құралдарды (Cessna-172 ұшақтар)  пайдаланумен 300 м. биіктікте трассаның өзекті уческелерінде аэротүсірме жүргізілді. Тиісті аэротүсірме актісі жасалды.

АҰшыру трассасын аэротүсірме тексеру актісі

10. 2017 жылғы 30 мамырда Қостанай облысы бойынша экология департаментінің мамандары «ЦЭНКИ» ФМУК өкілдерімен бірлесіп, ҚА120 – «Союз-2» ТЗ бөлінетін бөлшектердің қолданыстағы құлау аудандарын (Ақтөбе және Қостанай облыстарының аймағы), оның аумақтарының экологиялық жағдайына және айналаның жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында ұшып өту жүргізді. Үлгілерді алу ауданнан «Союз-2» ТЗ бүйір блогын бөлу мен шығару бойынша жұмыстардың аяқталуынан кейін жүргізіледі.

Үлгілерді алудың талдау нәтижелерінің хаттамасы

11. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында 2017 жылғы 6 қазанда поляр маңындағы орбитаға ғарыш аппараттарын шығару кезінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» ғарыш мақсаттағы зымыранды ұшырулардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына әсерін бағалау материалдарын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы