«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

Жалпы ақпарат

2015 жылғы тамызда Роскосмос Қазғарышқа «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» тасымалдағыш зымыранмен ғарыш аппараттарын поляр маңындағы орбитаға солтүстік бағытында ұшыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жангелдин ауданы аймағында тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөлшектерінің жаңа құлау аудандарын ашу жөніндегі мәселені қарастыруды сұрады.

Аталған ұшырулар «OneWeb» ірі халықаралық жобаны іске асыру үшін қажет, ол төмен жер айналасындағы орбитадағы микрожерсеріктері арқылы  интернетке кең жолақты қол жеткізумен бүкіл әлемді (әуелі ауылдық өңірлерді) қамтамасыз етуге бағытталған.

«OneWeb» әлемдік жобаның инвесторлары Airbus Group, Bharti Enterprises, Hughes Network Systems, EchoStar Corporation, Intelsat, Qualcomm Incorporated және басқа да атақты компаниялар болып табылады.

Бүкіләлемдік интернет желісін ұйымдастыру үшін әлемнің түрлі нүктелерінен, «Байқоңыр» ғарыш айлағын қоса алғанда, ғарыш аппараттарын ұшыруды сериялы жүргізу қажет. Бұл ретте, ұшырылатын жер серіктері орбитасының ерекшеліктерін ескерумен оларды қамтамасыз ету үшін жаңа құлау аудандарын ашу қажет, олар Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Жангелді ауданына түседі. 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Д.О. Рогозин және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Ө. Мамин бекіткен «Байқоңыр» кешені бойынша әрі қарайғы ынтымақтастық тұжырымдамасының 4.1.5-тармағына сәйкес, осындай құлау аудандарын ашу мүмкіндігін пысықтаумен уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылатын Роскосмос және Казкосмос айналысуда.

Қазақстандық тарапынан «Союз-2» жаңа ТЗ ББ ҚА ашу мүмкіндігін пысықтау мәселесі бойынша жауапты ұйым Қазғарышқа бағынысты – «Бәйтерек» БК» АҚ тағайындалды.

карта.jpg

OneWeb жобасы боынша толығырақ ақпаратты мына жерден біле аласыздар:

OneWeb компаниясының сайты

ВикипедиЯ сайтындағы мақала