«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

Экологиялық сүйемелеу

1. Экологиялық сүйемелдеу бойынша іс-шараларды орындауға жаңа құлау аудандарын ашу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында «Ғарыш-Экология» ғылыми зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тарлытған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» («Ғарыш-Экология» ҒЗО) республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК)  2001 жылы құрылған. 2012 жылға дейін кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Аэроғарыш комитеті «Инфракос» РМК «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорны (ЕМК) деп аталды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аумағында ғарыштық-зымыран қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізумен айналысады. 

Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы ғарыштық-зымыран қызметінің Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының күйі мен халқының денсаулығына тигізетін жағымсыз әсерін бағалау, болжамдау және оны азайту бойынша ұсыныстарды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырып және жүргізу болып табылады.

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК (бұдан әрі мәтін бойынша Кәсіпорын) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш маңыздағы зымыранды (ҒМЗ) ұшыруларына экологиялық сүйемелдеу, сондай-ақ ТЗ ББ құлау орындары жағдайының есепсіз параметрлерін талдау негізінде, осы аймақтардың экологиялық тұрақтылығы тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөлшектерінің құлау аудандарына (ТЗ ББ ҚА) жүйелі түрде экологиялық тексерулер жүргізеді.

Кәсіпорын өзінің қызмет уақытында (2002-2016жж.) «ЖҒИПО» ФМУК (РФ) бірлесіп, ТЗ және КБЗ 141 ұшыруларына экологиялық сүйемелдеу орындаған, оның ішінде «Протон» ТЗ – 91 ұшыру, «Союз» ҒМЗ – 22 ұшыру; «Зенит-2SБ» - 10 ұшыру, МБР РС-18 – 3 ұшыру және МБР РС-20 – 15 ұшыру. ТЗ ББ құлау орнын тексеру кезінде (бірінші саты, бүйіп блогы) ұшырудан кейін бірденнен мына жұмыстар атқарылады:

-       ТЗ өнген бөліктерінің құлау орындарының геодезиялық координаты анықталады, ТЗ ББ құлаудың ахуалдық схемасын келтірумен, ТЗ ББ фрагменттерінің шашылған алаңы мен қоршаған орта объектілерінің үлгілерін алу нүктелерін, сондай-ақ топырақ-өсімдік жамылғының тіркелген бұзушылықтарын (ТЗ ББ жерге құлау кезіндегі шұңқыр көлемі, зымыран отыны компоненттерінің төгілуі, өрт алаңы және т.б.) көрсетумен, құлау орнының түгел сипаты құрылады;

-       Атмосфералық ауаның экспресс-анализі жасалады және топырақ (қар), өсімдік, атмосфералық ауа, су (бар болса) үлгілері алынады, гептил зымыран отынын пайдаланатын ТЗ бірінші сатысының құлау ауданында – НДМГ (симметриялы емес диметилгидразин), топырақта (қарда) НДМА (нитрозодиметиламин), нитрат-ион, рН, өсімдікте НДМГ, НДМА ластануы бақыланады.

-       Т-1 жермай (керосин) отынын қолданатын ТЗ бірінші сатысының құлау ауданында топырақтың, қардың, судың көмірсулары (мұнай өнімдері), рН жиынтығына бақылау жүргізіледі.

ТЗ ББ ҚА-да ҒМЗ экологиялық сүйемелдеу нәтижелері бойынша міндетті түрде экологиялық есептілік жүргізіледі, Кәсіпорында «ТЗ ұшыруларын экологиялық сүйемелдеу» деректер базасы жасалады.

2008-2016 жылдар аралығында Кәсіпорын Орталық Қазақстанда («Протон» ТЗ, «Союз» ТЗ, «Зенит» ТЗ бірінші сатыларының ҚА), Шығыс Қазақстанда («Протон» ТЗ екінші сатыларының ҚА), Солтүстік Қазақстанды («Днепр» ТЗ, «Зенит» ТЗ, МБР РС-18 ТЗ бірінші сатыларының ҚА) орналасқан ҒМЗ бірінші және екінші сатыларының 13 (барлығы 46) құлау аудандары үшін экологиялық тұрақтылыққа кешенді бағалау орындаған. Экологиялық тұрақтылықты бағалау  жылында бір рет орындалатын архивті деректер (ТЗ экологиялық сүйемелдеу жөніндегі есептер, өткен жылдағы ҚА ғылыми зерттеулері туралы есептер) және ҚА кешенді экспедициялы тексерудің нәтижелері бойынша атмосфералық ауа, табиғи сулар, ландшафт, топырақ-өсімдік жамылғысы, өсімдік және жануарлар әлемінің заманауи жай-күйінің параметрлері анықталады, ТЗ ББ құрау кезінде табиғи экожүйесіне техногенді әсер ету деңгейі анықталады. Экологиялық тұрақтылықты бағалау үшін пайдаланатын қосымша экологиялық көрсеткіштер, оның ішінде ЗОК ластану мен олардың химиялық трансформацияланған өнімдер сипаттамасы, микробиологиялық көрсеткіштер (топырақ), өсімдіктердің индикаторлық түрлері мен жабайы жануарлардың (ұсақ кеміргіштер, кесіртке, балықтар) сынамалардың морфометриялық, морфофункционалды және цитологиялық сипаттамалары ҚА жиналған қоршаған ортаның және биологиялық материалдардың сынамаларын зертханалық зерттеу кезінде орнатылады.  Анықталған көрсеткіштер алдымен экологиялық тұрақтылықтың деңгейі бойынша (бағалау жүйесі 4 баллды) сараланады, сосын қоршаған орта объектілерін бағалау түрінде біріктіріледі,  оның негізінде ҚА жалпы нақты бағасы анықталатын болады.

ҚА экологиялық тұрақтылығын бағалау кезінде алынған негізгі көрсеткіштер мыналармен қорытындыланады:

В 2008 г. Ю-02 (ҚА 148 алаңы 0,11775 млн.га) аймақта, Ю-24 (ҚА 25,15 алаңы 0,17954 млн. га) аймақта «Протон» ТЗ бірінші сатысының ҚА,  Ю-09 (ҚА 210 аймағы 0,06280 млн. га) аймағында МБР РС-20, «Днепр» ТЗ және «Зенит» ТЗ бірінші сатысының ҚА Орталық және Солтүстік Қазақстан аумақтарының учаскелері тексерілген.

Топырақтың экологиялық тұрақтылық критерияларының ең жоғарғы түрленгіштік 15, 25 ҚА-да белгіленген, осы аумақтар ЗҒҚ аса қарқынды және ұзақ әсеріне ұшырайды. Барлық ҚА-да геоморфологиялық құрамдары бойынша ЗҒҚ механикалық әсеріне топырақтың тұрақсыздығы анықталады. НДМГ және оның ыдырау өнімдеріне ландшафт сезінушілігінің артуы байқалады.

Барлық зерттелген ҚА-нан 6-ы критерияның көмегімен ЗҒҚ  әсеріне ландшафт және топырақтардың экологиялық беріктігінің төмен дәрежесі анықталды – экологиялық тұрақтылық бағасы 4-тен 1,9 балл.

2009 ж. «Протон» ТЗ (ҚА 15,25, аймақ Ю-24) алаңы 0,17954 млн. га. бірінші сатысының ҚА Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай ауылынан оңтүстік-батыс учаскесі тексерілген болатын.

«Протон» ТЗ ББ құлау орындарында өсімдік әртүрлілігі түрлерінің азу белгісі анықталды. Жануарлардың түрлі көрсеткіштерінің морфофункционалды және цитогенетикалық ерекшеліктерінде қозғалыстар анықталды.

14 критериялар бойынша экологиялық тұрақтылық деңгейі анықталды, «Протон» ТЗ ББ құлаудан фито- және зооценоздарына қысым белгілері орташадан төмен болып шықты – экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 2,4 балл.

2010 ж. «Протон» ТЗ екінші сатысы РКРП (ҚА 320) –тексерудің жалпы алаңы 0,14135 млн. га. Шығыс Қазақстан облысы аймағының учаскесі тексерілді.

16 критериялар бойынша бағалау жүйесінің баллды негізінде экологтялық тұрақтылықтың өткінші деңгейі анықталған – техногенлі трансформацияның әлсіз дәрежесінен орташаға қарай.  Жағымсыз техногенді әсерге ценоздың бейімделуі жағымды климаттық жағдайларға,топырақ-өсімдік жабынының геохимиялық тұрақтылығына, өсімдік пен жануарлар әлемінің биологиялық тұрақтылығына негізделген - экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 2,7 балл.

2011 ж. «Протон» ТЗ бірінші сатысы (ҚА 148, аймақ Ю-02) –тексерудің жалпы алаңы 0,11775 млн. га. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ақтас ауылынан солтүстік-батыс аймағының учаскесі тексерілді.

Экспедициялық тексерулер «Протон» ТЗ бірінші сатысының құлау аудандарында экожүйеге ЗҒҚ жағымсыз әсерінің белгілерін көрсетті. 16 критерия бойынша баллды баға экологиялық тұрақтылықтың деңгейін ЗҒҚ экожүйесінің техногенді бұзушылықтары белгісінен орташадан төмен деп анықтады -  экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 2,5 балл.

2012ж. «Союз» ТЗ бірінші сатысы (ҚА 16, 49, 67, 70 аймақ Ю-25) –тексерудің жалпы алаңы 0,2251 млн. га Қарағанды облысы Ұлытау ауданы аймағының учаскесі тексерілді.

«Союз» ТЗ бүйір блоктарының құлау жерлерінде боздың генеративті мүшесіне зақым түскені анықталды, Т-1 жермаймен ластануға топырақ пен өсімдіктердің пирогеді және механикалық трансформациялаудың жоғары сезімталдығы байқалды.

18 критерия негізінде ҚА зерттеу үшін ЗҒҚ әсеріне экологиялық тұрақтылық деңгейі анықталды – орташа, «Союз» ТЗ құлау орнында өсімдіктің жағдайы жабырқаңқы белгілері байқалды - экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 2,7 балл.

2013 ж. «Зенит» ТЗ бірінші сатысы (ҚА 226 аймақ Ю-29) – тексерудің жалпы алаңы 0,1177 млн. га Қарағанды облысы солтүстік-шығыс учаскесі тексерілді.

ТЗ бірінші сатысы фрагменттері құлау орындарында гидробиониттің техногенді жабырқаңқы даму мүмкіндігі туралы болжам бар. 17 критерия негізінде ҚА табиғи экожүйесінің тұрақтылық деңгейін бағалау – бірқалыпты, қоршаған ортаға техногенді әсердің жағдайлары қанағаттанарлық, алайда ЗҒҚ әсерінен топырақ пен өсімдіктерде шектеулі трансформациялау бар -  экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 3,2 балл (оның ішінде «халық денсаулығы» 3,2 балл, «халық өмірінің сапасы» 2,8 балл).

2014ж. «Зенит» ТЗ және «Днепр» бірінші сатысы (ҚА 210 аймақ Ю-09) – тексерудің жалпы алаңы 0,06280 млн. га Ақмола облысының шығыс учаскесі тексерілді.

Экспедициялық зерттеулер кезінде МБР РС-20,  «Днепр» ТЗ және «Зенит» ТЗ бірінші сатысынының фрагменттерінің құлау іздері: топырақтың жоғарығы қабаты трансформацияланған, өсімдіктер тілінген түрінде, ұсақ кеміргіштер мен бауырымен жорғалаушылар саны азайған. 18 критерия негізінде экологиялық тұрақтылық деңгейі анықталды – қалыпты, табиғи экожүйе табиғатты жағдайға жақын, биоценоз бұзушылықтары қалпына келтіру - экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 3,4 балл (оның ішінде «халық денсаулығы» 3,5 балл, «халық өмірінің сапасы» 3,0 балл).

2015ж. «Протон-К» ТЗ бірінші сатысы (ҚА 191, 192 аймақ Ю-01) – тексерудің жалпы алаңы 0,0713 млн. га Қостанай және Қарағанды  облыстарының шегіндегі учаскесі тексерілді.

Құрғақшылық климат жағдайларында қоңыр және сұр-қоңыр топырақ құрамынды сортаң шөлейт топырақ қыртысы зымыран отыны (гептил) сіңіру сыйымдылығымен қамтамасыз етілген. Құлау орындарында топырақ жамылғысында белгілер анықталды – топырақ құрамы 35 см-ға дейін өзгерді, иллювиалды жазықтықтың гранулдыметриялық құрамында ішінара орташа сазды ауырлау байқалады, гумус-аккумулятивті жазықтық қуаттылығы жоғарылаған. Өсімдікте төмен проекциялық жамылғы және тамыр жүйесінің әлсіз өсуі, жануарлардың төмен тығыздығы байқалады.

18 критериялар бойынша ҚА экожүйесінің жай-күйіне сомалық баға -  экологиялық тұрақтылықтың орташа деңгейі, фондық, бүлінбеген қанағаттанарлық жағдай, биоценоздардың техногенді-бұзушылықтары қалпына келтірілгендігі байқалады - экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 3,3 балл (оның ішінде «халық денсаулығы» 3,6 балл, «халық өмірінің сапасы» 3,4 балл).

2016 ж. МБР РС-18РП бірінші сатысы (ҚА 213 аймақ Ю-14) – тексерудің жалпы алаңы 0,09678 млн. га (қазақстандық бөлік алаңы ҚА 0,0443 млн. га) Павлодар облысының солтүстік-шығыс учаскесі тексерілді.

Құрғақшылық климат жағдайларында сортаңда және сортаңшада, қара топырақта гептилдың химиялық трасформациялау әлеуеті мен сіңіру сыйымдылығы жоғарыланғаны байқалады. ҚА 50 пайызынан астам аймағы бидай агромәдениетін өсірумен, мал жайлаумен айналысады.

19 критериялар бойынша ҚА 213 (Ю-14) қазақстандық бөлігіндегі экожүйесінің жай-күйіне сомалық баға – ЗҒҚ әсеріне тұрақтылық деңгейі орташа, жоғары деңгейге басым, мұнда қоршаған ортаға техногенді әсер етуі, экожүйенің бұзылуы рұқсат етілген жүктемеден көтерілмеген белгілері көрсетілді -  экологиялық тұрақтылықтың бағасы мүмкінді 4-тен 3,42 балл (оның ішінде «халық денсаулығы» 3,33 балл, «халық өмірінің сапасы» 3,28 балл).

Жоғарыда көрсетілген ТЗ ББ ҚА жағдайын бағалау нәтижелері ЗҒҚ әсеріне толық алғанда, орташа тұрақтылықты көрсетеді. Бұл ретте қоршаған ортаға техногенді әсер рұқсате тілген жүктеуден аспаған. Мұнда, ҚА табиғи экожүйесінің бұзылмағандығын куәландыратын топырақтардың, табиғи судың, түптік шөгінділердің  химиялық құрамы тұрақты екендігін білдіреді, ал бұл табиғи кешені техногенді қоспалардан өздігінен тазаланудың әлеуметтік қабілетін көрсетеді. 

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ҒМЗ ұшыруды сүйемелдеу және экологиялық тұрақтылыққа кешенді баға беру кезінде экологиялық тексерулерді орындау барасында алынатын ТЗ ББ құлау аудандарындағы экожүйенің жай-күй көрсеткіштері Ресей «Байқоңыр» кешенін жалдау мерзімінің аяқталуы бойынша «...нақты тозу дәрежесін ескерумен, жай-күйі пайдалануға жарамды ...» (1994 жылғы 10 желтоқсандағы Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалгерлік шарты) Қазақстанға қайтаратын ТЗ ББ ҚА пайдаланатын жерлердің бұзылғандығын есептеу және экологиялық сараптама үшін қажетті бастапқы деректер (айнала көрсеткіштері) кемшіліктерін толтыруға арналған. Анықталатын ТЗ ББ құлаудан түскен техногенді жүктемелердің эколгтялық көрсеткіштері мен ерекшеліктері экологиялық нормативтер ретінде зымыран-ғарыш қызметін техногенді әсеріне экологиялық мониторингтеу жүргізудің барлық кезеңінде қолданбалы.

2. Жангелдин ауданы аймағында жаңа құлау ауданын ашу мүмкіндігін пысықтау бойынша кешенді іс-шараларды орындау кезінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарынан басқа Жангелдин ауданындағы уникалды табиғи аймақтар мен уникалды өсімдік және жануарлар әлемінің бар екендігін ескеру қажет.

     Ол үшін қазіргі уақытта өңірдің өсімдік және жануарлар әлемінінің жай-күйі туралы егжей-тегжейлі және кеңінен ақпарат жинау жүргізілуде, оның негізінде экожүйеге нұқсан келтіретін жағымсыз ықпалдар көрсететін факторларға талдау жүргізілетін болады. Осы талдау жұмыстары ұшыру қызметін жүзеге асыру кезінде іске асырылатын жағымсыз әсерді басу және бейтараптандыру бойынша іс-шараларды сапалы пысықтауға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстарды орындау үшін салалық бейінді мамандар тартылған, олар жергілікті өңірмен жақсы таныс және бөлімге қажетті, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының дереккөздерінде жоқ мамандандырылған ақпаратпен кеңінен толықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Бұдан кейін, жүргізілген талдау нәтижелері ұшыруларды жүзеге асыру кезінде (ҚР Экологиялық кодекс талаптары негізінде әзірленген) өңірдің уникалды өсімдік және жануарлар, өңірдің киіктері мен сирек түрлі құстарының бар болу фактісін қоса алғандағы әлемге арналған Қоршаған ортаның әсерін бағалау (ҚОӘБ) бойынша құжаттамада бөлімдерді толығырақ пысықтау үшін негіз ретінде пайдаланатын болады. Атап өткен ҚОӘБ құжаттамалары Жангелдин ауданында қоғамдық тыңдаулар жүргізу кезінде таныстырылады және уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына жолданатын болады. Осылайша, өңірдің уникалды биоалуантүрлілігі туралы егжей-тегжейлі ақпарат тек жиналып, бейінді мамандарды тартуды жүйелеп ғана қоймай, ұшыру қызметінен жағымсыз әсердің орнын толтыратын қажетті іс-шараларды өндіру кезінде ескерілетін болады.  Соонымен қатар, осы материалдар ҚР заңнамасына сәйкес әзірленген құжаттарда кепілді ескеріледі, және уәкілетті мемлекеттік органда қажетті сараптамадан өткізіледі .

 

 «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты

 

     «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты 2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастырылды. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының жер көлемі – 489,7 мың га алқапты қамтиды. Бұл ереше күзетілетін табиғи аймақ, аңды тұлға мәртебесі бар, 2010-2014жж. «Жасыл Даму» салалық бағдарламасы шеңберінде ҚР АШМ Орман және аң аулау шаруашылығы комитетімен құрылған. Бүгінгі күнде Қазақстанның даласы экожүйе типімен аса қорғалған. Олар республикамыздың аумағын күзету жүйесінде жеткіліксіз ұсынылған. Осылайша, негізгі 26 ООПТ ішінде жеке күзету штаты бар, аумақтық дала экожүйесін күзеті тек алтауында. Бұлар Ырғыз-Торғай табиғи резерваты (жартылай құрғақ құрамындағы шөлденген дала белдем тармағы), Қорғалжын қорығы (құрғақ және шөдейтті дала белдем тармағы, Наурызым қорығы (құрғақ дала белдем тармағы), Баянауыл ұлттық саябағы (осы даланың белдем тармағындағы шалғынды-далалы аласа таулы), «Бұйратау» (құрғақ дадалы белдем тармақ) және Қарқаралы (құрғақ даланың шалғынды-далалы аласа таулы белдем тармағы).

     Табиғи резерват  Торғай және Улы Жыланшық өзендері тұйық өзен бассейні аумағында орналасқан далалы, шөлейтті, шөлді, шалғынды және сулы батпақты алқаптардың табиғи экожүйелері мен ландшафтылық ерекшеліктерін және еліміздегі ақбөкендердің бетпақдала популяциясын қорғауды көздейді. Резерват төлдеудің түйінді жерлерін қамтиды. Оның шекарасына униклды Сарықопа тұщы көл жүйесі кіреді. Осы көл орнитологиялық аумақ болып табылады. Қазақстанда осындай жаңа ірі ООПТ пайда болуына көптеген адамдардың және ұйымдардың күші кетті. Олар өте үлкен жұмыс жасады. Алғашында, «Алтын дала» халықаралық табиғатты қорғау шеңберінде, ҚР АШМ Орман және аң аулау шаруашылығы комитетінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, сондай-ақ Казақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (ҚБСА) бастамашылығымен осы резерватты ашу 2005 жылы ұсынылған. Бастамашылықты  - Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS, Германия), Бүкіләлемдік табиғат қоры (WWF) және  Құстарды қорғаудың  Корольдік қоғамы (RSPB, Ұлыбритания) сияқты халықаралық ұйымдар қолдау көрсетті. Бастамашылық шеңберінде 2007 жылы Қостанай облысында ҚБСА Т.М. Брагинаның басшылығымен кешенді ғылыми экспедиция ұйымдастырды, оның нәтижесінде резерватты табиғи-ғылыми негіздеулер дайындалды. Осы ұйымдардың қолдауымен 2009 жылы ҚБСА техникалық-экономикалық негіздеме жасады. Бұдан кейінрезерваттың шекарасы келісілді және «Дала экожүйесін сақтау, тұрақты басқару» РҚ/ГЭФ/ПРООН Үкіметтерінің жобалары шеңберінде үкіметтік шешім қабылдау үшін қажетті жұмыстар жүргізілді. Осы уақыттар ішінде Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарының тұрғындары мен басшылықтарымен бірқатар кездесулер, келіссөздер жүргізілді. Резерват шекарасы мен жерді пайдалану бойынша даулы мәселелердің барлығы шешілді. Осыдан кейін жаңа табиғатты қорғау мекемесін материалдық-техникалық жарақтандыруға республика бюджетінен ақша қаражаты мақұлданды. Алайда, оны уақтылы ұйымдастыру 2012 жылдың басында еліміздің Үкіметі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің санын көбейтуге мараторий жариялағанына байланысты ұзарып кетті (қаржы дағдарысымен күресу бойынша шара қолдану ретінде). Резерватты ашу – еліміздің Премьер-министр кеңсесі, Президент әкімшілігі мен Парламент деңгейінде мәселені шешумен, өзекті мемлекеттік органдардың қосылуымен, ПРООН жобасы мен Орман және аң аулау комитетінің бірлескен жұмыстары арқасында құрылды.

     Нәтиже ретінде 2012 жылғы қыркүйекте Елбасы «Алтын дала» резерватының штаттық санын 112 бірлікке мақұлдады, қарашада тиісті Қаулы шығарды. Резерват аумағы Қостанай облысы Жангелдин және Амангелді аудандарында орналасқан.  Резерват аймағы үш класстерлі учаскеден тұрады: Ұлы Жыланшық» учаскесі (341,67 мың га) шөлейт далалы алқап, дала еркесі – киіктердің Батпақдала атты популяциясының төлдейтін және жайылатын жері. Сондай-ақ, аталған жерлерде құстар мен аңдардың және өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері бар, оның ішінде дуадақ және безгелдек. Тосын құмы учаскесі (95,981 мың га) Тосынқұм құмдарының солтүстігінде, Торғай өзенінің орта ағысында жатқан құмды массив. Барханды-төбешікті құмдар, көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Құм төбелерде еркек шөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңір киіктер үшін өте маңызды, ал Қабырға тасқыны мен көлі құстардың ұялану жерлері мен келу-қайтуына маңызы зор. Сарықопы учаскесі (52,115 мың га)  өңірдегі ең ірі бұлақтық орнитологиялық аумақ – Сарықопа көлінің тұщы сулы жүйесі бар. Маусымдық миграция кезінде ондаған мың сулы-батпақты және су құстары жиналады.бұл 20 сирек кездесетін құстар түрлерінің: бірқазан, ақбас үйрек, сүңгуір үйрек және де бірқатар дала құстары түрлері – тарғақ, безгелдек, ақбас тырна, қарақұс, дала құладыны, күйкентай және басқа да құстардың ұялайтын жері. 1990 жылға дейін мұнда өзі аз қалған дуадақ ұялайтын жердің орны да сақталған. Резерват флорасы 370 астам жоғары өсімдіктерге бай, оның ішінде 26 сирек категориялы, оның ішінде қызыл кітапқа енгені – бес, реликтік флораға кіргені – алты, эндерметикалық және қосалқы эндорметикалық – бес, ареал шекарасындағы сирек түрі – жеті, өңірлік күзетуге жатқызылған басқа да сирек түрлері – үш. Бұл жерде Қазақстаннан басқа, бүкіл әлемде кездеспейтін өсімдік қоғамы ұсынылған: лерхополынь-тырсикті және  жіңішке теректі-тырсиковты  дала (біріншілері - шығыста, екіншілері – ареалдың батыс шекарасында), еркеково-песчанковыльді псаммофитті дала, сондай-ақ өз ареалының солтүстік жағында сирек қоғамдар – тораңғы шоғы (Тосынқұм учаскесі) және құмдағы лох қоғамы (Тосынқұм және Ұлы-Жыланшық-Аққұм). Омыртқалы жануарлар фаунасы сүтқоректы жануарлардың 57 түрі бар, 275 құстар түрі, 11 рептилия түрі, 4 амфибия және 9 балық түрі.

     Резерват аймағы Қазақстанда және жабайы табиғатта жойылып бара жатқан, «Алтын-Эмель» ұлттық мемлекеттік табиғи паркінге жартылай бостандықта ұсталған, бірнеше ғана дара Прижевальский аттарын реинтродукциялау бойынша бағдарламаны іске асыру үшін, сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде ғана жайылған құлан реинтродукциясы бойынша жұмыстарды кеңейту үшін сынамалы учаске ретінде таңдалған

Казақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы