«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

ТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕН

Техниккалық кешен «Бәйтерек» ҒЗК техникалық кешені «Ангара» тобы зымыран тасығыштарының құрама бөліктерін, «Бриз-М» екпінді блогын, түрлі ғарыш апараттарын қабылдап, оларды құрастырып, ЗТ ғарыштық алдыңғы бөлігімен (ҒАБ - екпінді бөлік, ғарыш аппараты, алдыңғы сүйіргіш) түйістіруге, зымыран тасығышты ғарыштық алдыңғы бөлігімен бірлесіп тексеруге, құрастырылған және тексерілген ғарыштық мақсаттағы зымыранды көліктік-бекіткіш агрегатқа қайта жүктеп, оны старттық кешенге шығару дайындығына арналған.

Техникалық кешен жаңадан құрылып, старттық кешеннен 2-3 шақырым қашықтықта орналасады және 120 гектардан астам аумақты алады. Жалпы, техникалық кешенді құру үшін 119 заманауи жоғары технологиялы құралдармен жасақталған ғимарат пен құрылыс нышандарын құру мақсатымен жобалану үстінде. Техникалық кешенді жабдықтау мақсатымен 40-тан астам жүйелер мен агрегаттар құрылу жоспарлануда.

Техникалық кешеннің негізгі құрылысы биіктігі 30 м. дейінгі, жалпы ауданы 36 мың шаршы метрді құрайтын Монтажды-сынау корпусы болып табылады. Монтажды-сынау корпусы зымыран-тасығыш бөліктері мен ғарыштық алдыңғы бөлігін қабылдау, құрастыру және сынауға арналған залдары орналасқан негізгі бөліктен және ғарыш аппараттары мен екпінді бөліктерге жанармай құйып дайындауға арналған 2 корпустан құралған. Техникалық комплекс құрылыстары ұзындығы 3,8 шақырымды құрайтын автокөлік жолдары және 7,9 шақырымды құрайтын темір жол қатынас жолдарымен байланыстырылған.