«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

РАКЕТА-ТАСУШЫ

«БӘЙТЕРЕК» ҒРК ілгерінді технологиялық мүмкіндіктері, дайындалып жатқан ресейлік «Ангара» ракета-тасушысын қолдану арқылы ғарыштық аппараттар мен пайдалы жүкті заманауи ұшыру үрдістеріне сәйкес кешеннің ықтимал күшті коммерциялық бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады. Жобаға сәйкес «Ангара» ракета-тасушысы пайдалы жүктерді барлық ауытқу бұрыштарымен барлық қажетті биіктіктерге алып шығуға қабілетті болады, бұл мемлекет экономикасы, қорғанысы мен қауіпсіздігі мүддесіндегі кең ауқымды міндеттерді шешуге, сондай-ақ келешекте оның ғарыштық қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.

«Ангара» ракета-тасушылар тобы

«Ангара» ракета-тасушылар тобы — оттегі-кериосинді қозғалтқышы бар әмбебап ракеталық модуль негізінде жасалған тасушылардың жаңа буыны. «Ангара» ракета-тасушылар тобына жерге жақын төмен орбитадағы 1,5 т 30 т дейін жүкөтеру ауқымындағы жеңілден ауыр классқа дейінгі тасушылар жатады. «БӘЙТЕРЕК» ҒРК құру «Байқоңыр» ғарыш алаңының жер үсті ғарыштық инфрақұрылымы нысандарының негізінде ұшыру және техникалық кешендер құрылысын қарастырады. «Протон» ракета-тасушысының № 40 ұшыру алаңын пайдалануға берген жерде бір ұшыру қондырғысынан «Ангара» ракета-тасушыларының барлық тобын ұшыруға мүмкіндік беретін әмбебап ұшыру үстелі бар жаңа ұшыру кешені салынады.


Жеңіл класс
Орташа класс
Ауыр класс

«Ангара-1.1»
«Ангара-1.2»
«Ангара-АЗ»
«Ангара-А5»
Ұшыру салмағы, т.
149
171
480
773
Отын құрауыштары
Сұйық оттегі + керосин АТ+НДМГ(IIст.)
Сұйық оттегі +керосин РГ-1
Сұйық оттегі +керосин РГ-1
Сұйық оттегі +керосин РГ-1 + сұйық сутегі
«Плесецк» ғарыш алаңынан ұшырудағы пайдалы жүк салмағы, т.
Төмен
Нкр = 200 км, i = 63°
2,0
3,7
14,6
24,5
Геоауыспалы
Нп = 5500 км, i = 25°
-
-
2,4
6,6 (с КВРБ) 5,4
(с РБ «Бриз-М»)
Геостационарлық
-
-
1,0
4,0 (С КВРБ) 2,9
(с РБ «Бриз-М»)
«Байқоңыр» ғарыш алаңынан ұшырудағы пайдалы жүк салмағы, т.
Төмен
Нкр = 200км, i = 51,6
-
-
14,7
25,4
Геоауыспалы
Нп/На = 5500/35786 км,
i = 25°
-
-
2,8
8,1 (с КВРБ) 6,4
(с РБ «Бриз-М»)
Геостационарлық
-
-
1,2
4,3 (С КВРБ) 3,4
(с РБ «Бриз-М»)

Ракета-тасушының сипаттамасы

«Ангара» ракета-тасушыларының энергетикалық және пайдалану сипаттамалары әлемдегі үздік ракеталық-ғарыштық техника үлгілерімен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік беретін-деңгейде болып отыр.

Өндірістің озық технологияларын қолданумен қатар бірыңғайлауды кеңінен пайдалану әлемдегі ұқспас ракеталармен салыстырғанда орбиталардың кең ауқымына пайдалы жүкті алып шығудың өте төмен өзіндік құнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

О2+керосин құрауыштарымен жұмыс істейтін әмбебап ракеталық модуль қондырғымен біріктірілген, тотықтырғыш пен жанармай бактарынан және қозғалтқыш бөлігінен тұратын аяқталған конструкцияны білдіреді.

Әрбір әмбебап модуль бір РД-191 қуатты сұйықтықты реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

РД-191"Энергия» ракета-тасушысында қолданылып келген және қазір «Зенит» ракета-тасушысында қолданылатын қозғалтқыш (РД 170, 171) төрткамералы қозғалтқыш негізінде құрылады.

«Ангара 1.1 және 1.2» жеңіл класты ракета-тасушыларының құрамында бір әмбебап модуль, ал ауыр класты ракета-тасушы құрамында (А5) бес әмбебап модуль қолданылады.

«Ангара 1.1» жеңіл класты ракетасында жоғарғы саты ретінде «Рокот» конверсиялық тасушы құрамында ұшу сынақтарынан өткен «Бриз-КМ» тарату блогы, ал «Ангара-А5» ракетасында — «Бриз-М» тарату блогы және ОСТБ қолданылады.