«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

«БӘЙТЕРЕК» ҒРК

Оның негізінде «БӘЙТЕРЕК» ҒРК құрылатын «Ангара» РТ тобы бірнеше ракеталар түрінен құралады — төмен жерге жақын орбитаға 1,5 т 25 т дейін жүкөтеру ауқымындағы жеңіл кластан ауыр кластық түріне дейін бар. Өндірістің озық технологияларын пайдалану әлемдегі ұқсас РТ салыстырғанда, пайдалы жүктерді кең орбита ауқымына шығарудың ең төмен өзіндік құнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Ангара» РТ тобы жобасына барлық тасушылардың ішінен — қолда бар ресейлік, сондай-ақ шетелдік ұқсас тасушылардың аса жоғары сенімділік көрсеткішінің негізі салынған.

«Ангара» РТ тобының конструкциясында технологиялық қарапайымдылық байқалады, себебі бұл тасушылардың негізіне РД-191 заманауи қозғалтқышы бар әмбебап ракеталық модуль (ӘРМ) салынған. Бұл ретте РТ техникалық ерекшелігі, тасушыны конструктор ретінде бірдей модулдерден жинауға болатындығында: бір ӘРМ жеңіл класты ракета-тасушыларының бірінші сатысы болып табылады, ал «Ангара — 3» және «Ангара-5» орташа және ауыр класты ракета-тасушылар жеңіл класты ракета-тасушыларға сәйкесінше екі немесе төрт ӘРМ қосу арқылы түзіледі. Өндірістің озық технологияларын пайдаланумен қатар үйлестіруді қолдану нәтижесінде бір ұшыру қондырғысынан «Ангара» РТ тобының барлығын бірдей ұшыруға мүмкіндік береді.

Атап өткен РТ технологиялық ерекшелігі «Ангара» тобын РТ алуан түрлі кластарына тапсырыс берушілер тарапынан әлемдік сұраныс үрдістеріне іс жүзінде сенімсіз етеді: орбитаға шығарылатын пайдалы жүктердің тоннажына сұраныс шарттарына іс жүзінде толығымен тәуелді екені анық. Бұл ӘРМ бірыңғайланған РТ конструкциясы жеңіл, орташа, ауыр немесе шамадан тыс ауыр класты РТ құруда бір ғана модулді пайдалануға мүмкіндік береді: «Ангара» операторына бір ғана ұшыру тапсырысын жүзеге асыруда ӘРМ жедел түрде арттыра немесе төмендете отырып тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру және жүктердің ауырлығына қарай тапсырыстарды сұрыптау анағұрлым жеңіл болмақ.

Ауыр кластағы «Ангара» РТ пайдалану «Бриз-М» РБ пайдаланудан және-де «Протон-М» РТ жасалған ғарыштық басты бөлігін (ҒББ) жиынтықтаудан басталады, бұл бірінші кезеңде шығындарды бірден төмендетеді және кешеннің беріктігін арттырады. «Ангараның" рентабельділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету перспективасында алдағы жылдары оттегі-сутекті тарату блогын (ОСТБ) құру жоспарланып отыр: оны енгізумен энергетикалық сипаттамалар бірден арта түседі, шамадан тыс ауыр аппараттарды ұшыру және қосарлап ұшыруды жүзеге асыру мүмкін болады. Осы жағдайларда ОСТБ-сыз ауыр кластағы «Ангара» РТ құру перспективасы өте шектеулі болып көрінеді.

«Ангара» РТ тағы бір техникалық артықшылығы керосин-сұйық оттегі отынының (салыстырмалы) экологиялық таза құрауыштарымен жұмыс істейтін РД-191 қозғалтқышы болып табылады. Қоршаған ортаға техногендік әсердің қазіргі заманда күшейіп отырған жағдайында экологиялық аспект аса көкейкесті болып отыр. Бұл ретте ракета-тасушыларды ұшыру саласы, РТ ұшу желісі аумақтары арқылы өтетін және аумақтарына РТ істеп біткен сатылары және ракеталық отын қалдықтары түсетін елдердің мемлекеттік мүдделері тұрғысынан аса түршігерлік халде болып отыр.

РТ әрбір ықтимал апаты келешекте халыққа және қоршаған ортаға ұзақмерзімді кері әсер етуімен күрделі экологиялық қатер туғызады, және сондықтан да көптеген мемлекеттердің ұлттық аумақтар үстінен РТ ұшыруға рұқсат беруден бас тартуы да содан болып отыр. Осылайша, құрылып жатқан «Ангара» РТ экологиялығы күрделі артықшылықтар береді және көбінесе ұлттық аумақтар үстінен РТ ұшыруға, сондай-ақ тұтастай алғанда РТ ұшыруға рұқсат беруден бас тарту тәуекелін барынша азайтуға байланысты ұшыру үздіксіздігі мен тұрақтылығына кепілдік береді.

Осылайша, «Ангара» РТ сериялы өндіріс мүмкіндігін арттыратын және соның нәтижесі ретінде, РТ өзінің және оны ұшыру құнын төмендететін бөлшектерін бірыңғайландыру қағидасы қолданылды. «Ангара» РТ маркетингтік бағыттауға және келешекте әлемдік нарықтағы РТ бағытына айтарлықтай ықпал ететін бірқатар спецификалық және инновациялық артықшылықтарға ие болады.

СТАРТОВЫЙ КОМПЛЕКС
РАКЕТА-НОСИТЕЛЬ
ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ КРК