«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

МИССИЯ

Қазақстанның жыл сайын орта есеппен түрлі кластағы 20 ракета-тасушы ұшырылатын әлемдегі ең ірі және технологиялық қуатты «Байқоңыр» ғарыш алаңы бар. Әлемде бірде-бір ғарыш алаңы бүгінде мұндай белсенділік қарқынмен теңесе алмай отыр. Және-де бүгінгі таңда Қазақстан алдында ресейлік серіктестермен бірлесе отырып ұлттық ғарыштық ракеталық кешен құру және «Байқоңыр» ғарыш алаңының мүмкіндіктерін әрі қарай Қазақстан мен Ресейдің ғарыштық бағдарламалары мүддесіне пайдалану жөніндегі стратегиялық міндеті тұр.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен РФ Президенті В. В. Путиннің 2004 жылғы бастамасының арқасында, бұл маңызды міндет «Бәйтерек» ғарыштық ракеталық кешенін құру бойынша Ресеймен бірлескен жобасынан өз жоспарлы шешімін тапты.

«Байтерек» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорыны» АҚ осыған аттас жаңа дәуірдің ғарыштық ракеталық кешені құрылысының бас операторы болып табылады, оны құруға «М. В. Хруничев ат. МҒҒӨО» ФМБК ресейдің жетекші ғарыштық кәсіпорыны және бірнеше қазақстандық өндірістік компаниялар ат салысты.

«Бәйтерек» БК, АҚ миссиясы қазақстандық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыру, ғарышқа тәуелсіз қолжетімдік алу, ұлттық ғарыш саласының негіздерін қалыптастыру және отандық білікті инженерлік-техникалық кадрлар дайындау үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызатын «БӘЙТЕРЕК» ҒРК жаңа дәуірдің ғарыштық ракеталық кешені құрылысын және оны әрі қарай пайдалануды үйлестіру болып табылады.