«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

ТАРИХЫ

«Бәйтерек» Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының «Байқоңыр» ғарыш алаңының жер үсті ғарыштық инфрақұрылым нысандары негізінде ұшыру және техникалық кешендер құру бойынша бірлескен жобасы болып табылады. Дайындалып жатқан экологиялық қауіпсіз «Ангара» ракета-тасушылар тобын ұшыру үшін құрылып жатқан кешен заманауи ұшыру технологиялары мен ғарыштық ракета салу саласындағы күрделі технологиялық ілгерілеу болып табылады. Жобаға салынған техникалық сипаттамалар әлемдегі үздік ракеталық-ғарыштық техника үлгілерімен сәтті бәсекелесуге және көп жағынан олардан асып түсуіне мүмкіндік беретін-деңгейде болып отыр.

ҒРК құру жобасын жүзеге асыру 2004 ж. 22 желтоқсанына Мәскеу қ., Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің келісімі бойынша екі елдің Үкіметтері «Байқоңыр» ғарыш алаңында «Бәйтерек» ғарыштық ракеталық кешенін құру туралы Келісімге қол қойған кезде басталды. Бұл Келісім «Бәйтерек» болашақ ғарыштық ракеталық кешенін құру және бірлесіп пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың негізгі қағидалары мен шарттарын белгіледі.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, ғарыштық ракеталық кешен құру және оны әрі қарай пайдалану үшін тараптар «Бәйтерек» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорыны» акционерлік қоғамын құрды. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары ретінде Қазақстан Республикасы тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыштық комитеті, Ресей Федерациясынан — «М. В. Хруничев ат. мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» федералды мемлекеттік бірлескен кәсіпорыны қатысты.

«Бәйтерек» бірлескен кәсіпорыны өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Келісімге, Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру «Бәйтерек» БК, АҚ Директорлар кеңесі жыл сайын бекітетін жылдық жұмыс бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кешен құрылысының ғылыми-техникалық қамтамасыз етілуі және өндірістік процесін Ресей Федерациясы қамтамасыз етеді.

«Ангара-5» ракета-тасушысы негізінде «БӘЙТЕРЕК» ҒРК жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар 2007 жылы Ресей Федерациясының Роскосмос Федералды ғарыш агенттігімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Казкосмос Ұлттық ғарыш агенттігі бекіткен Бас жоспар-кестеге сәйкес жүргізілуде. «БӘЙТЕРЕК» ҒРК құру бойынша Техникалық жобаны әзірлеумен «М. В. Хруничев ат. МҒҒӨО» ФМБК айналысуда. Қазіргі таңда Казкосмос және Роскосмос «Байқоңыр» ғарыш алаңында «БӘЙТЕРЕК» ҒРК ұшыру кешенін (ССӘК) құру бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу тәртібі туралы Шешімді бекітті, онда «БӘЙТЕРЕК» ҒРК инфрақұрылымын құру бойынша практикалық жұмыстарды Техникалық жобаға толықтырулар әзірлеуге дейін өрістетуге бағытталған нақты іс-шаралар белгіленген.

Акционерлердің жалпы жиналысы жоғарғы басқару органы болып табылады. Құрамына қазақстан және ресей тараптарының мүдделерін қорғайтын он екі мүше кіретін Директорлар кеңесі басқару органы болып табылады. «Бәйтерек» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорыны» АҚ бірінші Бас директоры болып, 2005 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (Народный герой Казахстана), Ресей Федерациясының Қаһарманы, авиация генерал-майоры, бірінші класты ұшқыш-ғарышкер Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы тағайындалды. 2007 жылғы 12, ақпаннан бастап «Байтерек» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорыны» АҚ Ахматов Иван Идрисович басқарады.