«Байтерек» — жаңа ұрпақтың космостық ракеталық кешені

 Министрдің блогы:Атамкулов.jpg

moap.png


modernizaciya_3.0_logo_itog_rus.png





Орталық кеңсе

010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ-ы,
Бейбітшілік к-сі, 14, 10 қабат

Тел.:  8 (7172) 28-06-01 
          8 (7172) 28-06-02
          8 (7172) 28-06-03 
Факс: 8 (7172) 76-80-32.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев және Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин 2004 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерация арасында «Байқоныр» ғарыш айлағын тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісіміне қол қойды.

Осы келісімге сәйкес Ресей Федерациясының «Байқоныр» ғарыш айлағын жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылады.

«Байқоныр» ғарыш айлағын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі жаңа экологиялық қауіпсіз ғарыштық-зымыран кешендер мен пайдаланудағы кешендерді дамыту және құрамында жоғары уытты компонентері (азоттық тетраоксид, симметриялы емес диметилгидразин) бар зымырандық отынды қолданатын зымыран – тасығыштардың пайдалануын кезеңдеп қысқартылуы болуы тиіс.

«Байқоныр» ғарыш айлағын тиімді пайдалану бойынша ынтамықтастықты дамыту туралы келісімді орындау мақсатында 2004 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасында «Байқоныр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге (бұдан әрі - Үкіметаралық келісім) қол қойылады.

Осы келісіммен «Байқоныр» ғарыш айлағында жерүсті ғарыш инфрақұрылымының нысандары негізінде «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру және бірлесіп пайдалану бойынша тараптар ынтымақтастығының негізгі принциптері мен шарттары анықталды.

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені коммерциялық ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ұлттық ғарыштық бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған.

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру және одан әрі пайдалану мақсатымен 2005 жылы «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны» акционерлік қоғамы құрылды.

«Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны» акционерлік қоғамы жарғылық капиталында 50-пайыздық мөлшерде мемлекеттің қатысуын қарастыратын «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорыны» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 207 қаулысына сәйкес құрылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі мемлекеттік пакет акцияларын иелену құқығын жүзеге асырады.

«Бәйтерек» БК» акционерлік қоғамының құрылтайшылары болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемелекеттік мүлік және жекешелендіру бойыша комитеті және «М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық» Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорыны табылады. 2005 жылғы 30 наурыздағы құрылтайшылық шарт Астана қаласының Әділет юстициясында 2005 жылғы 1 сәуірде №18780-1901-А тіркелген.

Акция ұстаушылардың жалпы жиналысы «Бәйтерек» БК» АҚ жоғарғы органы болып табылады. Басқарушы орган қазақстан және ресей тараптарын өкіл ететін 10 мүшеден құралған Директорлар кеңесі, атқарушы орган «Бәйтерек» БК» АҚ Бас директоры.

«Бәйтерек» БК» АҚ алғашқы Бас директоры болып 2005 жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының батыры, авиация генерал-майоры, бірінші санаттағы ұшқыш-космонавт, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені және Францияның жоғары марапаты «Құрмет легионы орденының» иегері Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы тағайындалды.

2007 жылдың 12 ақпаны мен 2011 жылдың шілде аралығында «Бәйтерек» БК» АҚ Бас директоры - Ахматов Иван Ыдрысұлы.

2011 жылдың шілде айынан Мұстафинов Қуат Есембайұлы «Бәйтерек» БК» АҚ басшылық етеді.

«Бәйтерек» БК» АҚ кадрлық құрамы мекеме алдында қойылған тапсырмаларды уақытылы және білікті орындауға мүмкіндік беретін, ғарыш-зымыран кешенді пайдалану саласындағы білікті мамандардан, менеджерлердан, экономистер және заңгерлерден құралған.

«Бәйтерек» БК» АҚ ұйымдық құрылымы мекеменің жедел әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Астана қаласында орналасқан орталық кеңсе, Мәскеу қаласындағы өкілдік және Байқоңыр қаласындағы филиалдан құралған.

Мекеме қызметі Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және құрылыстың өндірістік үрдісі Ресей Федерациясы тарапынан қамтамасыз етіледі.

Жалпы, «Бәйтерек» БК» АҚ құрылуы мемлекетте стратегиялық маңызға ие ұлттық ғарыш қызметінің дамуындағы алғашқы практикалық қадамдардың бірі.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы жоба совет кеңістіктегі ең ауқымды бірлескен жоба екендігі есте қаларлықтай. Ғарыш саласындағы ынтымақтастық екі жақтық өзара қатынасты сапасы жағынан жаңа жоғары деңгейге көтеріп, мемлекеттер арасындағы достық қатынасты нығайтатыны сөзсіз.